418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандық кәсіпкер қазақстандықтарды індетпен жұмыла күресуге үндеді

  • 167
  • UPD: 22:43, 10.07.2020

Карантин кезінде санитарлық бекеттегі қызметкерлерді тегін тамақтандырған талдықорғандық кәсіпкер Дәурен Тәліпов енді дәрігерлерге де ас-ауқат жеткізіп беруді де қолға алды.

Мейрамханалар желісінің иегері күн сайын Талдықорған көпсалалы ауруханасындағы 60 медицина қызметкерін түскі аспен қамтамасыз етіп отыр. Бүгін кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі тағы бір тың бастамаға ұйытқы болды. Дәлірек айтсақ, қаржы жинап, ауруханаларға оттегімен қамтамасыз ететін құрылғы сатып әперейік деп көпшілікке видеоүндеу жолдады.

Дәурен Тәліпов, кәсіпкер:

– Жоба бірнеше айға жалғасады. Жиналған ақшаға байланысты кезең кезеңмен оттегі концентратын Түркия не Қытайдан сатып аламыз. Оның барлығын ауруханаға апарып береміз. Көпшілікті осындай сауапты іске атсалысуға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы