420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда дертпен күреске волонтерлер тартылады

  • 224
  • UPD: 22:33, 13.07.2020

Елімізде коронавирус індетіне шалдыққандар саны күннен күнге артып барады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіле түседі. Мәселен, Жамбыл облысында мың жарым адамға қосымша төсек-орын жасақталуда. Ал еліміздің солтүстігінде волонтерлер дәрігерлерге көмек көрсетпек ниетте. 

Жамбыл облысында Ковид-19 жұқтыру дерегінің артуына байланысты  науқастарға қосымша 1500 төсек-орын жасақталып жатыр. Қазір бірнеше мекемені қайта жабдықтап, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өңірде той-томалақ жасау дерегі тыйылмай тұр. Салдарынан  тіркелген науқас саны екі мыңға жуықтаған. Оның 66-ы ауыр халде. Жалпы бүгінге дейін 66 мың тұлға коронавирусқа тексерілді. Облыста 10 компьютерлік томография,  148 дана өкпеге жасанды дем беретін аппарат, коронавирусты анықтайтауға тест тапсыратын 6 зертхана жұмыс істейді. Бірақ бұл жалпы халық саны мен науқастарға шаққанда жеткіліксіз болып отыр. Қазір жергілікті билік бұл бағытта денсаулық сақтау министрлігінен 5 миллиард теңге қосымша қаражат бөлуді сұрап отыр.  

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

- Егер осындай тоқтамайтын болса, біздің болжам бойынша ең кем дегенде бір жарым мың төсек-орын керек болады. Біз қазір кейбір мынау санаториларды, балалар үйін, диагностикалық орталықтарды, анау Тұрар Рысқұлов ауданындағы түберкулез ауруханасының барлығын босаттық. Қазір онда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тамыз айында олар толығымен іске қосылатын болады.

Солтүстік қазақстан облысында осы ауруға шалдыққандардың 45 пайыздан астамы әкелінген жағдай болып табылады. Оның бір жағдайы Египеттен, 2 жағдайы – Ұлыбританиядан, 18 жағдай - Ресей Федерациясынан. 

Бұл тауарлар және қызметтер сапасын бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айнаш Сағандықовадан мамыр айының соңында берген сұхбаты. Төтенше жағдай жарияланған кезде солтүстік қазақстан вирус жұқтырғандар саны бойынша соңғы орындарда еді. Елімізде тек солтүстік қазақстан облысында барлық аудандарда блокпостар қойылып, тұрғындардың жүріп-тұруына қатаң шектеу қойылды. Бұл әрине қауіпті індеттің таралмауына сеп болды. Осы бір қиын кезеңде дәрігерлермен полицейлерден бөлек, волонтерлер де ауқымды жұмыс атқарып келеді. Олар 3000-ға жуық отбасыға көмек көрсеткен. Енді, ақ халатты абзал жандарға қол қабыс етпек ниетте.  

Біржан Құдайбергенов, волонтер:

- Олардың қазіргі жағдайы өте ауыр. Олар үлгермей жатыр. Элементарно осы қоңырауларға жауап берудің өзі, көптен бір жұмыс. Соған байланысты біз осы ауруханаларға көмек береміз. Осы қиын жағдайға тап болған отбасыларға да көмек беретін боламыз.

Қазір өңірдегі эпид жағдай күрделі. Провизорлық орталықта 1190 орын бар. Ал оның 75 проценті науқастарға толы. Ал карантинде 200 азамат оқшауланған. Сондықтан босаңсуға әлі ерте. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Бақытбекұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы