429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус жұққандар арасында жастар көп

  • 263
Алматыда коронавирус жұққандар арасында жастар көп

Індетті жұқтырғандар арасында жастар көп.  Алматы қаласы бойынша 8 мың 259  адамға коронавирус  диагнозы қойылған болса, соңғы тәулікте бұл індет 219 адамнан анықталған. 

«Қауіпті вирусты жұқтырғандардың дені 20 мен 29 жас аралығындағы жастар» дейді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин. Сондықтан бас дәрігер жастарды еліміздегі қатаң карантин шараларына бей-жай қарамауға шақырды. Ал қаладағы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров соңғы тәуіліктерде қаладағы жай-күйі ауыр науқастар санының едәуір азайғанын айтты. Сондай-ақ ол Жедел респираторлық вирустық инфекция және өкпенің қабынуы бойынша жедел жәрдем шақырулар санының екі есе азайғанын атап өтті. Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам адам коронавирус індетінен ауруханада, 2,5 мың науқас үйлерінде емделіп жатыр екен. Қауіпті вирусты жұқтыру тізбегін  тоқтату мақсатында  Алматы қаласының тұрғындарына көпшілік орындарда маска тағу міндеттелген болатын.  Бас санитардың қаулысын бұзғандар алғашқы айыппұлдарын да төлеп жатыр.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері: 

- Біз арнайы осы бетперде кию режиміне мән беріп жатырмыз. Тек қана осы мәселе бойынша біз осы 5-нен бастап 267 адам айыппұлға тартылды. Оның көлемі бірінші аптаның ішінде төленсе 40 мың теңге болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы