422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алексей Цой «Қоғамдық бақылау» белсенділерімен бірқатар мәселені талқылады

  • 275
  • UPD: 20:10, 17.07.2020
Алексей Цой «Қоғамдық бақылау» белсенділерімен бірқатар мәселені талқылады

Дәріханаларды аралап рейд жүргізуде, гуманитарлық жүк тасымалын тексеру кезінде құқықтық проблемалар туындайды, хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа министрдің бұйрығымен құрылған қоғамдық бақылау ұйым мүшелері Алексей Цойға онлайн кездесуде осындай базынасын айтты. Бұл мәселені шешу үшін «волонтерлерге бақылауға құқық беретін арнайы куәлік тапсырылсын» деген ұсыныс айтылды. Медицина саласын қадағалайтын әрбір топтың қызметі құқықтық мәртебеге ие болуы тиіс. «Жөнді-жөнсіз вирус өршіген ауруханаларға кіріп, тексеріс жүргізу ақылға сыйымсыз. Сала жұмысын саралай алатын тәуелсіз сарапшылар болсын» деген ой айтылды. Тараптардың пікірін тыңдаған министр бұл сұрақтар жергілікті атқарушы органдармен жүйелі түрде шешімін табатынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы