426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті

  • 244
  • UPD: 21:42, 17.07.2020

Қызылорда облысына Өзбекстан мемлекетінен гуманитарлық көмек келіп жетті, хабарлайды «Хабар 24».

Медицина мамандары күнделікті қолданатын 120 мың қолғап, 50 мыңдай бетперде өңірдегі емхана, ауруханаларға таратылады. Бұған дейін де көршілес Қытайдан 6 түрлі қорғаныш құралдары жеткізілген болатын. Қазіргі таңда аймақтың емдеу мекемелерінде 1 айлық қор жасақталған. Алдағы күндері Ресей мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан да медициналық бұйымдар мен препараттар тиелген жүк көліктерінің келуі күтіліп отыр.

Бақытжан Ниязов, ҚР СЖҚКА облыстық департаменті бастығының орынбасары:

- Ең басты ерекшелік – бұның барлығы мекемелерге берілгеннен кейін «тегін» деген арнайы белгі қойылады. Еш күмәнсіз, ешқандай артық сөзсіз тиісті мекемелерге жетуін қадағалауды аяғына дейін жүзеге асыратын боламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы арнайы мониторингтік топ барлық медициналық мекемелердегі тегін мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің көрсетілуіне байланысты мониторинг жұмысын біз жергілікті билікпен бірлесіп іске асырып жатырмыз.

Наурызбай Байқадамов, облыс әкімінің орынбасары:

- Гуманитарлық көмек – бұл тегін таратып жіберетін дүние деп ойламауымыз керек. Әр адамға, әр азаматқа тиесілі қажетті дүние ретінде қарауымыз керек. Тарихымыз, тамырымыз үзілмеген өзбек ағайынымыздан үлкен көмек келіп жатыр. Қай кезде де қиындық елді қиыстырады. Таласқаннан емес, жарасқаннан біргеміз. Міне, тарихымыздың үзілмегендігінің белгісі. Басымызға іс түскенде бір-бірімізге бауыр ретінде көмектесіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы