424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетке шығу жасының өзгеретіні туралы ақпарат – жалған

  • 325
  • UPD: 09:24, 22.07.2020
Зейнетке шығу жасының өзгеретіні туралы ақпарат – жалған

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанда зейнетке шығу жасы төмендетілетіні туралы хабарлама таратылуда.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады stopfake.kz.

Нұрлыбек Қуақбаев есімді адамның Facebook-тегі парақшасында ерлердің зейнетке шығу мерзімі 61-ге, ал әйелдер үшін 57-ге дейін қысқартылғандығы жазылған. Бұл ретте мәтін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың фотосуретімен бірге берілген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Хабар 24 телеарнасы