424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Бек Эйр» ісі: сот ТҚҚК талабын қанағаттандырды

  • 266
  • UPD: 15:31, 24.07.2020
«Бек Эйр» ісі: сот ТҚҚК талабын қанағаттандырды Almaty.tv

Сот Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-ға қатысты екінші талабын қанағаттандырды.

24 шілдедегі Алматы қаласының Түрксіб соты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясына жойылған рейстерге билеттердің құнын қайтару жөніндегі екінші талабын қанағаттандырды.

ТҚҚК 81 адамның мүддесін қорғап (177 билетті сатып алынған), талап арыз 5,9 млн теңгені құрады. Екінші талап-арыз 2020 жылғы 3 шілдеде берілді.

ТҚҚК талап-арыздары:

  1. «Бек Эйр» АҚ қызметін тұтынушылардың кінәсінсіз жойылған әуе рейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеу құқығын тану
  2. Жауапкерге тұтынушының кінәсінсіз жойылған авиарейстерге бұрын сатып алынған билеттердің толық құнын өтеуге мәжбүрлеу.
  3. «Бек Эйр» АҚ-дан тұтынушылар пайдасына әуе билеттер үшін төленген соманы өндіріп алу.

Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ТҚҚК тұтынушыларға ақша қаражатын тез арада қайтаруға жәрдемдесетін болады.

Уәкілетті орган ретінде ТҚҚК қазақстандықтарды одан әрі қорғап, бұзылған тұтынушылық құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесетін болады.

Хабар 24 телеарнасы