423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жол ережесін бұзғанын әлеуметтік желіге салған көлік жүргізуші жауапқа тартылды

  • 253
  • UPD: 15:01, 27.07.2020
Жол ережесін бұзғанын әлеуметтік желіге салған көлік жүргізуші жауапқа тартылды

Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзғанын әлеуметтік желіде таратқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

«Ол жазасыз қалған жоқ. Жүргізуші, Алматы қаласының 18 жастағы тұрғынына қатысты бірден бес әкімшілік хаттама толтырылды. «Toyota Camry-70» маркалы автокөлік жүргізушісінің Талдықорған қаласының жолдарында ереже бұзуы тәртіп сақшыларының назарын аудартты», - делінген хабарламада.

Полицияның мәлімдеуінше, Алматы облысының Полиция департаменті әлеуметтік желілерді белсенді түрде қадағалайды және анықталған құқықбұзушылықтар бойынша бірден шаралар қолданады.

Жол қозғалыс ережесін өрескел бұзған жасөспірім заңға қайшы іс-әрекеттерді әдейі істеген. Сонымен қатар жігіт өзінің жолдағы барлық іс-әрекетін Instagram парақшасында және мессенджерлердегі топтарда жариялаған.

Бейнекадрларда автоәуесқойдың бірнеше рет апаттық жағдай тудырып, жол белгілері сызықтарынан шығып, жолдағы қарама-қарсы жолаққа шыққаны, жол бойындағы көлікті басып озып, бағдаршамның қызыл сигналына өтіп бара жатқандығы байқалады.

«Toyota» маркалы көліктің жүргізушісі анықталып, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі, 599-бабы 1-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 606-бабы 1-бөлігі, 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құқықбұзушының жүргізуші куәлігі алынып, көлік айыптұрағына қойылды. Жігіттің келешекте автокөлікті басқара алатындындығы немесе алмайтындығы сот шешімінен кейін белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы