423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: елордадағы психикалық денсаулық орталығынан cоңғы науқас жазылып шықты

  • 262
COVID-19: елордадағы психикалық денсаулық орталығынан cоңғы науқас жазылып шықты

Нұр-Сұлтан қаласындағы психикалық денсаулық орталығынан ашылған инфекциялық стационардан коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

58 жастағы астаналық азамат медициналық мекемеге 14 шілдеде түскен. Екі апта бойы тиісті ем алған. Ақыры коронавирусқа тапсырған соңғы сынамасы теріс нәтиже көрсеткен. Бір жарым айдың ішінде мекемеде 1044 адам ем алып, жұқпалы індеттен сауығып шыққан. Енді ғимаратта залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нысан өзінің бұрынғы қызметіне қайта кіріседі.

Хабар 24 телеарнасы