429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда карантин режимін бұзған науқас айыппұл төлейтін болды

  • 237
  • UPD: 20:36, 01.08.2020
Алматыда карантин режимін бұзған науқас айыппұл төлейтін болды

Алматыда қосымша карантин шаралары енгізілмек, хабарлайды «Хабар 24».

Енді коронавирус тесті оң нәтиже көрсетіп, үйде жатып емделуге жіберілген науқастар карантин талаптарын бұзса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, айыппұл төлейді. Сонымен қатар мәжбүрлі түрде карантиндік стационарға жатқызылады. Бұл шектеулер 3 тамыздан бастап күшіне енеді. Тиісті қаулыға шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған. Оған сай бұдан былай індеттің ілмегіне іліккен науқас «үй карантині» режимін сақтау туралы қолхат жазуы керек. Тиісті талаптарды орындамай, вирустың өзгеге жұғу деректері анықталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

«Ал, үйінде аяғы ауыр әйел, жасы 60-тан асқан жақындары немесе денсаулығы нашар отбасы мүшелері тұрса, яғни «үй карантині» режимін сақтауға мүмкіндігі болмаса, індетке шалдыққандар карантиндік стационарға жатуға өзі өтініш жасай алады», -дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы