426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауға 26 оттегі концентраторы жеткізілді

  • 158
  • UPD: 13:48, 06.08.2020
Атырауға 26 оттегі концентраторы жеткізілді

Қайырымды жандардың көмегімен сатып алынған 26 оттегі концентраторы Атырауға жеткізілді, хабарлайды «Хабар 24».

Әуе қатынасы арқылы Алматыдан жеткен бұл медициналық препараттар енді облыстағы ауруханаларға беріледі. Мұнайлы өңірге жалпы саны 139 оттегі концентраторы жеткізіледі деп жоспарланып отыр. Аурумен күресте аянбай жүрген атымтай жомарт азаматтар өңірдегі барлық кәсіпкерлерді «Жақсылықтың жаршысы» республикалық акциясына қатысуға шақырады.

Еркебұлан Бәделов, Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

- Оттегі концентраторы келіп жатыр. Енді оның барлығы да облысымыздағы барлық аудандық, қалалық ауруханаларға таратылатын болады. Бұған дейін 7 концентратор келген болатын. Оны біз қаладағы барлық ауруханаларға тараттық.

Хабар 24 телеарнасы