431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда толассыз жауған жауыннан пәтер иелеріне келген шығын өтеледі

  • 154
  • UPD: 18:04, 06.08.2020
Ақтауда толассыз жауған жауыннан пәтер иелеріне келген шығын өтеледі

Ақтауда кешеден бері жауған жауын салдарынан 19 шағын аудандағы тұрғын үй кешенінің шатырынан су кетті.

Түнгі уақытта төбеден сорғалап аққан ылғал, баспалдақ алаңы мен дәлізді басып қалған. Пәтеріне кірген лай суды тұрғындар өз күшімен құрғатып, жиналған суды подъезд алдына шығарып тастаған көрінеді. Таяу жылдары қолданысқа берілген баспанаға тұрғын үй инспекциясының мамандары барып тексеру жүргізді. Суағар құбырға қоқыс жиналып қалғандықтан үйді су алғандығы айтылды.

Ең бастысы, баспана құрылысына жауапты серіктестіктің барлық шығынды өтеуге міндеттелуі пәтер иелерін қуантып отыр. 

Әліпбай Дүзмағамбетов, мердігер мекеме басшысы:

- Су кеткен, оның кету себептері де анықталды. Енді шығындардың барлығы есептеліп, тұрғындардың пәтерлері тексерілді. Барлығына да акт жасалады. Шығындарын орнына келтіруге қолдан келгенше көмек жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы