423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есе азайды

  • 148
  • UPD: 15:11, 07.08.2020
Түркістан облысында провизорлық және инфекциялық орындар саны екі есе азайды

Түркістан облысында індетке қарсы күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өңір бойынша инфекциялық төсек орындар саны 440 болса, бүгінде оның саны 225-ке қысқарған. 1941 провизорлық төсек орынның 931-і қысқарып, 1010 төсек қалып отыр. Бұл Түркістан облысында ауыр індеттен жазылып шыққан науқастардың азайғанын көрсетеді.

Облыс бойынша 30 наурыз бен 6 тамыз аралығында 2902 адамнан COVID-19 расталған. Қазіргі уақытта науқастардың 81,2% жазылып шықты. Яғни 2355 науқас  дертінен толық айығып отыр.

Айта кетейік, ауруханадан үйіне шығарылған науқастардың ішінде сиптомсыз жағдайдағы 1563 адам толық сауыққан.

Хабар 24 телеарнасы