429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: әлемдегі ахуал   

  • 231
COVID-19: әлемдегі ахуал   

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 18,8 млн-нан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Коронавирус пандемиясы басталғалы қауіпті індет 708 мың 300-ден астам адамның өмірін қиды. Соңғы кездері індеттің таралуы бәсеңдеген. Еуропа елдерінде вирус қайта дендеп барады. Әсіресе, Франция, Испания мен Грекиядағы ахуал күрделене түсті. Мамандар аймақта аурудың екінші толқыны басталу қаупі бар екенін айтады. Францияда бір тәуліктің ішінде шамамен 1 мың 700 адамда вирус анықталған. Бұл соңғы екі айда ең жоғарғы көрсеткіш. Осылайша науқастардың жалпы саны 228 мың 500-ден асып отыр. Бүгінде вирус жұқтыру дерегі бойынша Франция Еуропа елдерінің ішінде Ұлыбритания мен Италиядан кейінгі 3-ші орында. Жергілікті билік тұрғындарға маска тағу режимін міндеттеті. Карантин талаптары жеңілдеген Испания елінде де бір күннің ішінде 1 мың 772 адамға «Ковид-19» диагнозы қойылды. Ал Швейцария билігі Испаниядан келгендерге екі апта оқшаулану керек деген талап қойды. Грекия, Германия мен Польша елінде де вирус тез тарап барады. Енді үкімет басшылары аймақта шектеу шараларын қайта қатаңдатпақ.

 

Хабар 24 телеарнасы