428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау қаласының айналма жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

  • 224
  • UPD: 17:03, 07.08.2020
Көкшетау қаласының айналма жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Елімізде жолдарды орташа жөндеуден өткізуге қатысты жобаларды жүзеге асыру жалғасуда.

Көлік басқарушылар республикалық маңызы бар жолдарды неғұрлым ертерек пайдалана алуы үшін мамандар тиісті жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімнен бұрын орындауға тырысып жатыр, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Осылайша, Ақмола облысында жол құрылысшылар әуежайға кіру жолы (0-1+500 шақырым) бар Көкшетау қаласының айналма жолын Р-14 (0-1+960 шақырым) орташа жөндеуден өткізу жұмыстарын аяқтады. Мердігер компания «Көкшетау жолдары» ЖШС ресайклингілеу және асфальт-бетон қоспасынан жасалған жол жабындысын төсеу жұмыстарын орындады. Сондай-ақ мамандар жолды таңбалап, жолдың қозғалыс бөлігінің эксплуатациялық сипаттамасын қалпына келтірді. Жол жабындысының жоғарғы қабатын төсеу кезінде жұмысшылардың беріктігі жоғары қиыршық тасты-мастикалық асфальт-бетонды қолданғандығын айта кету керек. Нысандағы жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімнен үш ай ерте аяқталды. Жөндеуден өткен жол учаскелерінде қозғалыс толық ашық.

Еске салайық, биыл Қазақстандағы республикалық маңызы бар жолдардың 1,1 мың шақырымы жөндеуден өтпек.

Хабар 24 телеарнасы