431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда орталық саябақтағы көл тазартылып жатыр

  • 284
Қарағандыда орталық саябақтағы көл тазартылып жатыр

Қарағандының орталық саябағындағы көлді балдыр басып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауданы 8 мың шаршы метр, тереңдігі 3 метрге жуық айдынды тазалау үшін арнайы техника қажет. Оның бағасы кемі 150 мың АҚШ доллары тұрады. Бір реттік тазалау жұмыстарына осынша қаржы бөлу ақылға сиымсыз, дейді саябақ өкілдері. Сондықтан олар артық шығынға батпау үшін өздері ойлап тапқан әдіспен көлді тазартып жатыр. Темірден жасалған тарақшалары бар құрылғы су астына батырылып, артынша трактормен сүйреп шығарылады. Нәтижесінде балдырды тамырымен жұлып алуға болады. Бұл жұмыстар бір айға созылатын түрі бар. Өйткені балдырлар толық жойылмаса, көлден сән кетеді, жағымсыз иісі тағы бар.   

Талғат Смайылов, «Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы» КМК бас инженері:

– Бүгін жетінші күн. Жеті күнде 8 камаз алып шықтық. Себебі карантин салдары. Қайықтар жүрмейді, су орнында тұрады. Содан балдыр қаптап кетті деп ойлаймыз.

 

Хабар 24 телеарнасы