420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте Сенат депутаттығына сайлау «Түркістан» сарайында өтіп жатыр

  • 183
  • UPD: 11:55, 12.08.2020

Бүгін еліміз бойынша Сенат депутаттығына сайлау өтіп жатыр.

Дәл қазір арнамыздың Шымкенттегі тілшісі Нұрбек Байбосын сайлау өтіп жатқан «Түркістан» сарайынан тікелей қосылымға әзір.

Диктор:

-  Нұрбек, Парламент Сенаты сайлауы карантин жағдайында қалай өтуде? Санитарлық талаптар қаншалықты сақталған?

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Үміткерлерге дауыс беруге келген таңдаушыларды тіркеу таңғы сағат 09:00-ден басталды. Әрине, біз де санитарлық талаптардың сақталуына мән беріп қарадық.

Кандидаттарға дауыс беруге келген таңдаушы азаматтардың барлығында, біріншіден, бетперде болуы керек. Қолындағы қолғапты да байқап қалдық. Санитайзерлер де талапқа сай қойылған. Ішке кіргенде әрбір адамның температурасы өлшенді. Содан соң зал ішінде дауыс берушілердің арақашықтығы сақталып, 2-3 метр аралығында отырғызылды. Мұндағы сайлауға қатысушы, яғни, таңдаушы деп жатқанымыз қалалық мәслихат депутаттары. Әр сайлаушы бірден кірмей, тек кезекпен бір адамнан кабинаға кіріп, таңдауын жасап, дауыс беріп жатты. Парламент Сенатының сайлауы ауқымды шара. «Оған деген саяси көзқарас та салмақты», дейді қалалық аумақтық сайлау комиссиясындағылар.

 

Хабар 24 телеарнасы