426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баянауыл ауданында биыл туристік маусым мерзімінен кеш басталды

  • 128
  • UPD: 09:52, 18.08.2020
Баянауыл ауданында биыл туристік маусым мерзімінен кеш басталды

Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдерінің жағасындағы демалыс аймақтарының жұмысы араға тура екі ай салып, тамыздың 15-інде қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатаң карантиндік шаралардан ұлттық парк аумағына кіре алмаған туристер Баянауылға ағылуда. Демалыс аймағына адамдар тек туристік жолдамамен кіреді. Олардан маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етіледі. Осы ұлттық парктің аумағында кәсібін дөңгелетіп отырған бизнес өкілдері екі айды босқа өткізбеген. Туристік аймаққа жаңа леп беретін тың жобалар жүзеге асты. Жолдар жөнделіп, көріктендіру жұмыстары қолға алынды. Жылдан жылға ластанып бара жатқан орман-көлдер тазартылды. Аудан әкімінің айтуынша, Баянауылдың курорттық аймағына инвесторлар келіп жатыр. Мәселен, түркиялық кәсіпкерлер аквапарк жобасын ұсынса, тағы бір кәсіпкер Жасыбай жағасына 100 орындық бес жұлдызды қонақ үй салуға ниетті. Бұл ішкі туризмнің дамуына айтарлықтай үлес қосатын жобалар. Келешекте Баянауылдың туристік аймақтары демалушыларды өзіне көптеп тартатын бірегей демалыс аймағына айналуы әбден мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы