420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде карантиндік шектеулер жеңілдеп, сауда үйлері ашылды

  • 198
  • UPD: 22:07, 19.08.2020

Білім мекемелері де жұмыс істей бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

300-ге жуық кәсіпкер электрондық өтініш арқылы рұқсат құжатын алып, іске кіріскен. Барлығына ортақ талап бар. Маска киіп, арақашықтық сақталуы тиіс.

Бұл сауда орталығындағы азық-түлік сататын нүктелер карантин кезінде жұмыс істеп тұрғанымен, киім-кешек, өзге де тұрмыстық заттар сататын мыңға жуық жеке кәсіпкер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Енді міне, шектеулердің біртіндеп алына басталуына байланысты олардың жұмысы да жандана бастады. Дегенмен, бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау – басты талаптардың бірі. Ал, сауда орталығы мамандары әрбір келушінің дене қызуын өлшеп, қолдарын арнайы сұйықтықпен өңдейді.

Ерлан Жақып, сауда орталығының әкімшілік директоры:

- Бізде дезинфекциялық ерітіндіге, бүкіл территорияның бәрін өңдеуге айына 8 миллионға жуық қаражат кетіп отыр. Енді бүгінгі күнде бізде далада 500-ге жуық кәсіпкерлер бар, жабық базар ішінде тағы мыңға жуық кәсіпкер бар. Олардың бәрі таңертеңгілік 1 сағат толық дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Кешке кәсіпкерлер барлығы қайтқаннан кейін 2 сағат көлемінде өңделеді. Онымен қоса, 2 сағат сайын дезинфекциялық сұйықпен эскалаторлар, екінші қабатқа көтерілер сатылар, есіктердің тұтқалары барлығы өңдеу жасалып отырады.

Сондай-ақ мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдары да біртіндеп іске қосылып жатыр. Қаладағы 60 балабақшаның жартысына жуығы кезекші топтар аша бастаған. Талап бойынша әр топта 15 баладан аспауы тиіс. Таңертең олардың дене қызулары мен денсаулықтары тексеріледі.

Ғалия Оспанова, балабақша меңгерушісі:

- Балалармен жұмыс барысында тәрбиешілер барлық қатаң санитарлық ережелерді сақтайды. Балалардың арақашықтықтары 1 метрден отырғызылады. Жататын орындары да 1 метр арақашықтық сақталған. Топтарда балалар жоқ кезде желдетіліп, тазартылып отырылады. Барлық 3 топтағы балалар да бір-бірімен қосылмайды, бөлек-бөлек ойнайды, жатады, бөлек есіктерден кіргізіледі.

Жалпы қалада 11 мың бүлдіршін балабақшаға барса, қазір соның 800-ден астамының ата-анасынан өтініш түскен. Олар кезекші топтарға қабылданды. «Алайда, күн сайын бұл сан өсіп келеді», дейді білім бөлімінің мамандары.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы