426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


10 қыркүйектен бастап Қазақстаннан Египетке әуе рейстері ашылады

  • 212
  • UPD: 22:38, 19.08.2020

Шетелде демалғысы келетін ел азаматтары үшін жағымды жаңалық. Мысыр туристік маусымды жыл соңына дейін, нақтыласақ, желтоқсан айына дейін созды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы билік пандемияның салдарынан тұралап қалған туристік саланы, осылайша, аяққа тұрғызбақ. Түркия да қарап отырған жоқ. Алдағы қыркүйек айынан бастап шекарасын ашып, шетелдік демалушыларды қабылдай бастамақ.

Нұршапағат Несіпбаев, тілші:

- Карантин жазғы демалысын қызықты өтізуді ойлаған қазақстандықтардың біраз жоспарын өзгертті. Жыл сайын шетел аралауды әдетке айналдырғандар бұл жолы шекара аса алмай қалды. Есесіне, ішкі туризмге қан жүгіртіп, қалаға жақын орналасқан демалыс аймақтарына назар аударды.

Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:

- Қазір туристер үшін Алакөл қызық болып отыр. Онда демалумен қатар денсаулықты жақсартуға болады. Ақтау мен Алматы маңайындағы турлар жанданады деп үміттенеміз. Бұдан бөлек, жаңа бағыттарды қарастырып жатырмыз. Мәселен, Түркістанды мүлде жаңа қырынан таныту жоспарда бар.

Эпидемиолгиялық ахуалдың біртіндеп тұрақталуына байланысты бірнеше мемлекет шекарасын ашты. Қазақстандық саяхатшылардың алды Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып та кетті. «Әзірге олардан шағым жоқ», дейді туристік компания өкілдері. Ал, Түркия шетелдік демалушыларды 1 қыркүйектен бастап қабылдайды. Соңғы дерек бойынша қазақстандық компаниялар жыл басынан бері бұл елге 622 турист жөнелткен. Олардың барлығы елге аман-есен оралды.

Инна Рей, туристік қамқор қорының төрайымы:

- Бұл кезеңде, яғни, күзде қазақстандықтардың Түркияға деген қызығушылығы төмендейді. Себебі, онда демалатындар негізінен балаларын өздерімен бірге алып жүреді. Жақында сабақ басталатынын ескерсек, туристердің саны көп болмауы керек. 

10 қыркүйектен бастап Мысырға әуе рейстері ашылады. Болжам бойынша мұнда қазан айынан бастап әлемнің түкпір-түкпірінен демалушылар келе бастайды. Сондықтан қонақ үйлер туристер тарту үшін жаңа тәртіппен жұмыс істейді.

Ибрагим Хашада, қонақүйлер желісінің менеджері:

-Туристер мүлде жаңа Мысырды көреді. Елдегі әр қонақүй күшті бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге дайындалып жатыр. Бөлмелердің дизайнын өзгерту, жеңілдіктер ұйымдастыру, ойын-сауық бағдарлама әзірлеу сияқты құралдар қолға алынды. Бір сөзбен айтқанда, саяхатшылардың барлығына ең жоғарғы деңгейде қызмет көрсетіледі.

Хургада мен Шарм-эль-Шейх әлем бойынша коронавирустан зардап шеккен демалыс аймақтарының қатарында. Мысыр экономикасы ондаған жыл бойы туризмнен түсетін табысқа қарап отырғанын ескерсек, туристік маусымның жаңа жылға дейін созылуы – жүздеген демалыс орнына берілген екінші мүмкіндік. «Алайда, нарықта бәсекеге қабілеттілер ғана қалады», дейді осы саланың мамандары.

Ибрагим Хашада, қонақ үйлер желісінің менеджері:

-Коронавирус салаға қатты әсер етті. Маусымның созылуы біреуді құтақарады. Екінші біреуі керісінше, жұмысын тоқтатады. Қалай болғанда да, нарықта осы уақытқа дейін жинаған қоры жеткілікті ойыншылар ғана қалады.

Мысырдағы демалыс орындары қыркүйекте ашылғанымен, шектеу көп. Біріншіден, туристердің медициналық анықтамасы болуы тиіс. Бұдан бөлек, олар қонақүй аумағынан тыс жерде емін-еркін жүре алмайды. Айтпақшы, шетелдегі демалыс орындарына жолдаманы алдын ала сатып алғандарға қатысты дау көбейіп тұр. Осыған байланысты қазір Үкімет деңгейінде тараптар арасындағы жауапкершілікті реттейтін құжат әзірленіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы