426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Полиция көлікпен қашқан есірткі өсірушілерді ұшақпен қуып ұстады

  • 215
  • UPD: 10:01, 20.08.2020
Полиция көлікпен қашқан есірткі өсірушілерді ұшақпен қуып ұстады

Полицейлер жасырынбақ болған есірткі диллерлерін қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және ІІМ-нің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде Қызылорда қаласынан 320 км қашықтықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жер асты үңгірлерін анықтады. Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі «Тойота Ланд Крузер» жол талғамайтын көліктерін байқады, олар үлкен жылдамдықпен жүріп жасырынбақ болды. Полиция қызметкерлерінің тоқтату талаптарын тыңдамады. Автокөліктің соңына түскен қызметкерлер оны тоқтату үшін ескерту оқ атты және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік қозғалысын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы