424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды

  • 222
  • UPD: 14:56, 24.08.2020
Екі миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік көмек алды

Шілде айындағы карантиндік шектеу кезінде табысынан айырылған 2 млн-нан астам адам біржолғы әлеуметтік төлем алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, оларға 42 500 теңгеден берілді. Ал, тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша 21 250 теңге тағы алды. Бір реттік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалды. Әлі де өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Өтінімді eGov.kz және телеграмм-бот арналары арқылы жолдауға болады. Және Enbek.kz порталы арқылы да өтінім қабылдайды. Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 776 медицина қызметкеріне бір жолғы төлем берілді. Олар қызмет бабында жүріп вирус жұқтырып алғандар. Дәрігерлерден де өтінім қабылдау жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы