428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда астықтың 20% астамы жиналды

  • 198
  • UPD: 11:22, 25.08.2020
Қазақстанда астықтың 20% астамы жиналды

Биыл егін жинау қарқыны былтырғымен салыстырғанда жоғары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді. Сапархан Омаровтың айтуынша, 3 млн гектардан астам алқаптан дәнді және бұршақты дақылдар жиналған. Бұл жалпы алқаптардың 21% астамы. Бір гектардың өнімділігі 13,5 центнерді құрады. Биыл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 400 мың тоннаға жуық арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Бұдан бөлек, шаруаларға көмек ретінде 300 мыңнан астам техника бар. Элеваторлардың жалпы сыйымдылығы 27,5 млн тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, диқандар мен ұн тартушылар өнімді дәстүрлі нарыққа экспорттай алады.

Хабар 24 телеарнасы