426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда №5 қалалық емханаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

  • 169
  • UPD: 12:14, 25.08.2020
Нұр-Сұлтанда №5 қалалық емханаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Елордада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында №5 қалалық емханаға жөндеу жүргізілуде.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Осы уақытқа дейін №5 қалалық емханада жылу мен жарық басы ашық мәселе болып келген еді. Ғимараттың терезелерінен жел гулеп, мекеме пана болмай кететін. Қазір емханаға күрделі жөндеу жүргізіп, барлық терезесін, жылу батареяларын ауыстырдық. Енді электр сымдарын жаңартамыз.

Сондай-ақ желдету жүйесі жүргізіліп, есіктері ауыстырылады. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін емхана ішінен дәріхана да ашылады. Бұл игілікті істің бәрі Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасының арқасында жүзеге асып жатыр. Осы бағдарламаға сәйкес 15 мың жұмыс орнын ашылып жатыр. Айта кету керек, бірінші кезекте жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз азаматтарды орналастырамыз.

Сонымен қатар биыл 26 білім беру нысаны (мектептер, балабақшалар, колледждер) жөнделіп жатыр», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы