429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар 12 қыркүйектен бастап Египетке ұша алады

  • 146
  • UPD: 18:01, 25.08.2020
Қазақстандықтар 12 қыркүйектен бастап Египетке ұша алады фото: inform.kz

Қазақстан біртіндеп өзге елдермен әуе қатынасын жандандыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін «27 тамыздан бастап Түркияға әуе тасымалы қайта жанданады» деп хабарланған еді. Енді 12 қыркүйектен бастап Египетке, Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты қайта ашылады. Көліктегі Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес рейстерде санитарлық қауіпсіздік шаралары жоғары деңгейде сақталуы шарт. Жалпы еліміздің барлық әуежайларында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу күшейтілді. Онда санитайзерлер орнатылып, келушілердің карантиндік талаптарды сақтауы қатаң бақыланады. Сонымен қатар ғимаратқа кіреберісте жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің дене қызуы өлшеніп отырады.

Еске сала кетейік, ведомствоаралық комиссия шешімімен Қазақстан 17 тамыздан бастап халықаралық рейстерді біртіндеп іске қоса бастады.

Хабар 24 телеарнасы