420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан аумағында салық төлеуден жалтарған түркиялық сотталды

  • 133
  • UPD: 16:05, 28.08.2020
Қазақстан аумағында салық төлеуден жалтарған түркиялық сотталды

164 млн теңгеден астам сома салық төлеуден жалтарғаны үшін Түркия азаматы сотталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысы мен құрылтайшысы Түркия азаматы «BESHEL CONSTRUCTION» ЖШС салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүргізді.

Салық тексерісінің нәтижесі бойынша 2015-тен 2018 жыл аралығында кәсіпорынға 164 млн астам сома көлеміндегі төленбеген салық есептелгені анықталды.

Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы №2 сотының өкімімен Түркия азаматы ҚР ҚК 245-б. 2-б. 1-т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты болып танылып, оған 2 жылға ұйымдарда басқарушылық лауазымдарды иелену құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, негізгі жазаны өтегеннен кейін ол 5 жылға Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салумен ҚР-нан шығарылады.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ ҚМК Баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы