426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтарды «ақылды» аялдамалардың жайы алаңдатады

  • 192
  • UPD: 23:37, 28.08.2020

Бас қаладағы «ақылды» аялдамада барлық жағдай жасалған ба?

Жылы павильон, жылдам интернет пен ұялы телефонды қуаттағыш құрылғы. Елордалықтар осы озық технологиялардың істен жиі шығатынын айтады. «Хабар 24» тілшілері жауапты органға хабарласқан болатын.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Жабық аялдамалар 3-4 жыл бұрын орнатылды. Оның бағасы шамамен 10 млн теңге. Елордада осындай 105 аялдама бар. Қала тұрғындары «қыс мезгілде айтарлықтай жылы емес» дейді. Сонда аялдамалар сән үшін орнатылған ба?

Мәселенің мән-жайын құзыретті орган өкілдерінен сұрап білдік. Алайда мардымды жауап болмады.

Руслан Әбдуалиев, Жол қозғалысы және көлік инфрақұрылымы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы:

- Елордада 84 нысан басқарманың қарамағында. Иә, қуаттайтын құрылғы кей кезде жұмыс істемейді. WiFi да кейде істен шығады. Біз жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Аялдаманың іші жылы болуы керек. Тұрғындардан шағым келіп түседі. Қазір аялдамалардағы техникалық проблеманы шешуді қарастырып жатырмыз.

Елордалықтар ақылды аялдама мен орындықтарға жұмсалған қаражаттың өзін ақтап шығатынына күмәнмен қарайды. Себебі...

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- 1 млн теңге көпірдің астында жатыр. Олай дейтініміз, мына күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін және гаджеттерге қуат беретін смарт орындық осында орнатылған.1 ай бұрын әлеуметтік желіде талқыға түскен қос орындық өз қызметін орындай ма?Тексерейік. Өкінішке орай, бұл да істемейді.

Еске салайық, жабық аяладамалар болаттан жасалған. Аумағы шамамен 12-20 шаршы метр. Дегенмен, жылы аялдамалардың қазіргі сиқы сын көтермейді. Қыс қыр астында, ал жауапты мекемелер тарапынан бұған тиісті бақылау әзірге болмай тұр.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы