421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 9 жасар ұл бала іздестіріліп жатыр

  • 158
  • UPD: 09:49, 02.09.2020
Алматыда 9 жасар ұл бала іздестіріліп жатыр polisia.kz

Алматы полициясы жоғалған баланы іздестіруде, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласының полициясы 1 қыркүйек сағат 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, әлі оралмаған 2011 жылғы Месут Мырзақұловты іздестіруде. Оның бойы – 125 см, дене бітімі арықтау, шашы қара. Арнайы белгілері жоқ. Ол жолақ сызықтары бар жасыл-ақ түсті жейде, қара көк шолақ шалбар (шорты), ақ бауы бар қара көк түсті кроссовка киген.

– Месут Мырзақұловтың қайда екендігі туралы білетіндерден тез арада 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 немесе «102» нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз, – деп полицейлер қазақстандықтарға өтініш білдірді.

Хабар 24 телеарнасы