428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

  • 134
  • UPD: 15:39, 02.09.2020
Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек

Маңғыстау облысы тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша елімізде Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейінгі 3-орында, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл өңірде жыл соңына дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Ал 8 айдың ішінде 2915 отбасы баспаналы болды. Ақтауда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тағы көп қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның құрылысына бюджеттен 1 млрд 700 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Қоныс тойын тойлағандар қатарында көп балалы аналар, мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандар бар.  

Үмітхан Майлыбаева, қала тұрғыны:

- 12 баланың анасымын, 2004 жылы арыз бергенмін. Күтіп-күтіп, міне, қуанышым шексіз. Үй беріп жатырсыңдар екі бөлмелі. Рақметім шексіз.

Хабар 24 телеарнасы