426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы қандай деңгейде өседі

  • 403
  • UPD: 12:08, 04.09.2020
Мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы қандай деңгейде өседі

ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов оңтайландыру шаралары нәтижесінде мемлекеттік қызметшілер еңбекақысы қандай көлемде өсетінін айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Штаттың санды оңтайландыру ықшамдау мен бизнес-процестерді автоматтандырумен қатар жүреді. Сонымен қатар бірқатар басқарушы буынды қысқарту ұсынылады», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ынталандырушы фактор ретінде төменгі бөлімдердегі қызметшілердің еңбекақысы өсетінін жеткізді.

«Өткен жылы төменгі лауазымдардың еңбекақысы 25 процент артқан еді. Штаттық санды оңтайландыру арқасында орташа есеппен еңбекақыны тағы 15 процент арттыру мүмкіндігі болады», - деді Руслан Дәленов.

Хабар 24 телеарнасы