426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО: Зайсанда жолындағыны жайпаған желдің салдарын жойып жатыр

  • 177
  • UPD: 14:36, 07.09.2020

Қыркүйектің 4-і күні Шығыс Қазақстан облысында қатты жел соғып, 34 үйдің шатырын ұшырып әкеткен.

Зайсан ауданының  Қаратал ауылында соққан желдің күші секундына 27 метрге жеткен. Ұйытқи соққан жел бір-ақ сәтте үйлердің шатырлары мен аула қоршауларын ұшырып кеткен. Екі күннің ішінде  мамандар  дауылдан келген шығынды есептеп шығарды. Олардың дерегінше шығын көлемі 3 млн теңге. 

Қазір аймақтағы тілшіміз Болат Көкенайұы телефон арқылы бізбен тікелей байланысқа шығып, оқиғаның мән жайын айтып бермек. Қазір  Қараталдағы жағдай қалай? Дауылдың салдарын жою жұмыстары басталды ма?

Хабар 24 телеарнасы