420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық азамат бақшасында қарасора өсірген

  • 149
  • UPD: 10:12, 08.09.2020
Атыраулық азамат бақшасында қарасора өсірген Zakon.kz

Атырауда 43 жастағы жергілікті тұрғынның ауласынан қарасора түптерін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Атырау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктінің қаладағы Мұханжанов көшесіндегі үйінің ауласында орналасқан душ кабинасынан белгілі бір иісі бар қара-жасыл өсімдіктің төрт түбін тауып, тәркіледі», – делінген Polisia.kz мәліметінде.

Тексеру барысында полицейлер ұсталған азаматтың бақшасынан өсімдіктің тағы үш түбін анықтаған. Сараптама қорытындысы бойынша анықталған өсімдіктер қарасора болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы