429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзі жоқтың көзі жоқ. «Қазақмыс» компаниясынан қуылған төрағаға қатысты сот үкімі шықты

  • 392
  • UPD: 23:14, 08.09.2020
Өзі жоқтың көзі жоқ. «Қазақмыс» компаниясынан қуылған төрағаға қатысты сот үкімі шықты

«Қазақмыс» компаниясының бас директорын жұмыс бөлмесінде пышақтап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған Тоғызбай Тәжбеновке қатысты сот қаулысы шықты.

Ол адам өлтіруге әрекет жасаған деп танылды. Қанды оқиға осы жылдың қаңтар айында болған еді. Арадағы дау «Кәсіпқорған» кәсіподағының төрағасы Тәжбеновті қызметтен шеттетуден кейін туындаған. Ашуға мінген ол, бастығының бөлмесіне мылтық пен екі пышақты тығып әкеледі. Әуелі бас директор Амангелді Мініғұловқа оқ атады. Бірақ тимеген. Артынша бөлмеге «Қазақмыстың» бірнеше қызметкері жетіп, Тәжбеновтен қаруды тартып алады. Осы кезде кәсіподақ төрағасы бас директордың кеуде тұсына пышақ ұрған. Араша түскен Сабыржан Тембаев та жарақат алады. Іле-шала Тоғызбай Тәжбенов өз-өзіне пышақ сұғып, жан тапсырады. Оқиғаны көзбен көрген компанияның 5 қызметкері мұны растаған.

Хабар 24 телеарнасы