426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілуі мүмкін – ДСМ ресми өкілінің жауабы

  • 190
  • UPD: 16:27, 11.09.2020
Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілуі мүмкін – ДСМ ресми өкілінің жауабы

Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілуі мүмкін?

Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде жауап берді.

«Біздің ойымызша, қараша-желтоқсан айларында коронавирус жұқтырғандар саны өсуі мүмкін. Бұл жедел респираторлық инфекциялар мен тұмаудың коронавирустың жаңа толқынымен қабаттасып кетуінен болуы мүмкін. Ал карантинді күшейту үшін бірнеше критерий бар. Негізгі критерий – коронавирусқа дайындалған төсек-орындардың бос болмауы 70 проценттен асып кеткен жағдайда. Бір күнде жалпы 71 мың төсек-орынды ашу мүмкіндігі бар. Қазақстанда бір күнде 30-35 мың науқас коронавируспен ауырса, карантин шектеулері енгізіледі. Қазіргі уақытта 4596 адам. Яғни науқастар саны бірден бір күнде 35 мыңға көтеріліп кетсе, карантин енгізіледі», - деді.

Сондай-ақ коронавирустың екінші толқынына дайындық барысын айтып өтті.

«Коронавирустың екінші толқыны болмай-ақ қойсын. Бірақ біз өткеннен сабақ алдық. Сол себепті алдағы қауіп-қатерге дайындық әлі де жүріп жатыр. Дайындық 100 процентке жақындап қалды. Медицинаны тас түйін деп айта аламын. Өкпені жасанды желдету аппараттары, төсек-орындар, мобильді бригадалар, ауруханалар, емханалар, дәрі-дәрмек қоры бәрі дайын. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды болжаумен айналысуда. Ең дәл болжамдар алдағы екі аптаға ғана беріледі. Одан ұзақ уақытқа болжамды нақты беру мүмкін емес», - деді.

Хабар 24 телеарнасы