421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кімдерге коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға болмайды?

  • 223
  • UPD: 11:09, 13.09.2020
Кімдерге коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға болмайды?

Бірнеше аурулар қатарынан болған жағдайда коронавирусқа қарсы екпе қабылдамаған дұрыс, – деп ескертеді иммунолог-дәрігер.

Ең қарапайым мысал — онкология. Өйткені оның емі иммунодепрессияға алып келеді. Яғни бір жағынан емделу көрсеткіші бар, ал екінші жағынан керісінше қарсы көрсетілім бар. Сондықтан екпеге қатысты осы типтес барлық мәселені емдеуші дәрігер шешуі тиіс.

Сонымен қатар дәрігер қабыну, аутоиммунды аурулар, қызыл лупус және жүйелі қан аурулары сияқты ауруларды COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілім деп санайды.

Иммунодепрессанттар – иммунитетті жасанды түрде төмендететін препараттар. Олар ең алдымен бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе, сүйек кемігі сияқты органдар мен тіндерді трансплантациялауда, сондай-ақ аутоиммунды ауруларды емдеуде қолданылады.

Мұндай аурулар аутоиммунды антиденелердің патологиялық өндірісі кезінде пайда болады. Бұл қалыпты тіндердің бұзылуына және аутоиммунды қабынудың дамуына әкеліп соғады. Кейбір аурулар ішкі ағзалардағы кедергілердің жойылуымен байланысты. Иммундық жүйе олардың антигендеріне жауап береді және антиденелер шығара бастайды. Мұндай топқа склероз, полиневрит, Хашимото ауруы сияқты біренеше аурулар жатады.

Сондай-ақ аралық типтегі тиреотоксикоз, I типті қант диабеті және т. б. сияқты аутоиммунды аурулар бар.

Аутоиммунды реакция инфекциялық агент тудырған тіндердің жойылуымен немесе олардың антигендік құрылымының өзгеруімен байланысты болуы мүмкін. Осылайша патологиялық өзгерген тін қабылдаушы орган үшін иммуногенге айналады.

Хабар 24 телеарнасы