426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңына дейін елорда тұрғын үйлеріне «smart» шлагбаум орнатылады

  • 108
  • UPD: 16:34, 14.09.2020
Жыл соңына дейін елорда тұрғын үйлеріне «smart» шлагбаум орнатылады

Шұғыл қызмет көліктері жаңа технологиялардың арқасында тұрғын үй кешендерінің аулаларына кедергісіз кіре алады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Елорданың тұрғын үй кешендерінде «smart» шлагбаумдарды енгізу жобасы мен автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін анықтау жүйесі қолға алынды. Бұл технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.

Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер «smart» технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі.

Жыл соңына дейін біз тұрғын үйлердің 30%-іне дейін «smart» шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарымызда бар. Бұл өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқықбұзушылықтар саны азаяды», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы