426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда іздестіру-құтқару жұмыстарының оқу-жаттығуы өткізілді

  • 78
  • UPD: 10:17, 16.09.2020

Тікұшақпен жедел жеткен құтқару жасағаның мамандары жоғалған адамды табуға әйелі иісшіл иттің көмегін пайдаланды.

Рой есімін иеленген төбет 5 жылдан бері құтқарушылармен бірге жүреді. Із кесуде ең әуелі Рой секілді үйретілген иттің көмегіне жүгінеміз дейді құтқарушылар.

«Жеті қазынаның біріне кіретін иттің еткен еңбегі адал. Күшік кезінен өзіме баулыдым», – дейді кинолог Сергей Зиновьев.

Сергей Зиновьев, жедел құтқару жасағының кинологы:

– Біз әрдайым мұндай жағдаймен бетпе-бет келеміз. Құтқарушылар, яғни әріптестерім кей кездері кейбір жандарға екінші өмір сыйлап жатады. Ондай кезде қуанасың. Демін алаа алмай қиналғандарды көргенде жаныңды қоярға жер таппайсың. Иттің көмегіменде талай адамды аман алып қалдық. Бастысы, жұмысым өзіме ұнайды.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Тасқа соғылған басын дәкемен таңып, тікұшаққа арнайы тасымал көлігінің көмегімен көтеріп, қауіпсіз жерге жеткізді.

«Мұндай оқу-жаттығулар жедел құтқару жасағының кәсіби біліктілігін шыңдайды», – дейді азаматтық қорғаныс саласына жауаптылар.

Арман Алпысбаев, қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы:

– Мұндай жаттығулар бізде ай сайын өткізіліп отырады. Іс-шараның негізгі мақсаты: құтқарушылардың тауда іздестіру жұмыстарының практикалық оқу-жаттығуына көңіл бөлу, мамандардың қажетті дағдыларын пысықтау.

Биылдың өзінде тау-тасқа өрмелеген туристерді іздестірудің 5 жедел іс шарасы өткізіліпті. Нәтижесінде 7адам құтқарылған. Өкінішке қарай, екі азаматтың жанын сақтап қалу мүмкін болмапты. «Себебі тауға келіп демалушылар сақтық шараларына мән бермейді», – дейді мамандар. Осының салдарынан оқыс оқиғаға ұшырап жатады.

Таудағы жазатайым оқиғалардың негізгі себептері: дайындықтың болмауы, ұқыпсыздық, азаматтардың жауапсыздығы. Мұның барлығы қайғылы нәтижеге әкеліп соғады. Биік жерлерге сапар шеккен кезде өз бағдарыңыздан жаңылмау қажет. Тіпті тәжірибелі жолсеріктердің қызметін пайдалану да артық етпейді. Себебі тау қателіктерді кешірмейді.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы