427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады

  • 255
  • UPD: 11:44, 19.09.2020
Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады

Дүйсенбі, яғни 21 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі елдің өкілетті органдары осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Әуе көлігі әзірше аптасына бір-ақ рет қатынайды.

Қазақстан мен Ресей тарапы бекіткен санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда жүзеге асады. Шектеулер алынып және эпидемиологиялық жағдай жақсаруына қарай әуе компаниялар рейстерді ретке келтіреді. Кестені ресми сайттан көруге болады.

Ресей азаматтық авиациясы Қырғызстан және Беларусь Республикаларымен халықаралық әуе қатынасын қалыпқа келтіру туралы да шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы