427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдыкөлдің балығын жеу қауіпті – елорда әкімі

  • 179
  • UPD: 21:52, 22.09.2020
Талдыкөлдің балығын жеу қауіпті – елорда әкімі

Елордадағы Кіші Талдыкөлдің маңы абаттандырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдын табиғи қалпында сақталып, айналасы саялы мекенге айналуы тиіс. Алтай Көлгіновтің айтуынша, көлдің табаны құрғатылмайды. Сұхбат барысында Талдыкөлдің үлкен бөлігіне қатысты экологтардың тұжырымы да сөз болды. Ғалымдардың пікірінше, айдыннан балық аулау қауіпті. Себебі су құрамында химиялық элементтердің мөлшері тым көп. Осыған байланысты шаһар басшысы тұрғындарға Талдыкөлдің балығын жеу денсаулыққа зиян екенін ескертті.

Алтай Көлгінов, қала әкімі:

– Біз ол суды кептірмейміз. қалады. Судың азайып жатқан себебі бар. Мысалы, құрылыс жүріп жатыр. Айналасында құрылыс жүреді. Абаттандырылады. Жабайы жатуға болмайды. Шығыс, Жағалаудың айналасын біз қайтадан абаттандырып, қосымша жасылдандыру керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы