432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жылы аялдамаларға дезинфекция жасалған ба? Тікелей эфир

  • 135
  • UPD: 12:41, 25.09.2020

Арқада күн суытқаны белгілі. Кешелі бері жылы аялдамалар да ашылды. Алайда арна тілшілері сол жердегі санитарлық жағдай талапқа сай келмейтіні жайында құлағдар болған.

Жолаушылар жылы аялдаманың игілігін көріп жатыр ма?

Назерке Тоқжан,тілші:

– Елордаға күз келді. Күннің суығы сүйектен өтеді.  Аз уақыт тысқа шыққан біздің бойымыз тоңазып қалды. Ал жел өтінде тұрып, автобус күтетін жолаушының  жағдайы жан аярлық.  Қара суықта ықтасын болсын деп салынған  жабық аялдамалардың жұмысын көру үшін орталықтағы көшелердің  біріне  келдік. Бұл жерде алакөбеден адам көп жүреді, көлік ағыны да қатты. Себебі тұрғын үй кешендері көптеп бой көтерген, министрлік  ғимараттары  да осы маңда орналасқан. Қазір де ту сыртымда қоғамдық көлік күткен адам қарасы қалың екенін байқауға болады. Жылы аялдамалар мәселесін сол азаматтардан сұрап білейік.

Күннің күрт суытуына байланысты тұрғындар аялдамаларды биыл ертерек қолданысқа беруді сұраған еді. Ертерек дейміз, өйткені талап бойынша сынап бағанасы 0-ден төмен түскенде ғана жылы аялдамалар ашылуы тиіс еді. Осы орайда көкейде мұндай орындарда  санитария талаптары  қаншалықты сақталады деген сұрақ туады. Расында антисептик құтысын байқай қоймадық, іші-сыртын жуып-шайып жатқан арнайы қызмет мамандары да көрінбеді, бірақ әкімдіктің әлеуметтік желідегі жазбасына сенсек, аялдама іші дезинфекцияланады, есік-терезе арнайы спирт қоспасымен сүртіледі. Эфирге дейін тілдескен көп тұрғынды алаңдатқан мәселе де осы.

«Жауаптылар қауіпсіздік жайына атүсті қарамаса екен» деген өтініш айтты. Жалпы жабық типтегі 1010 павильон болса, соның 105-і жылыту жүйесіне қосылған.

 

Хабар 24 телеарнасы