Екі мыңнан аса қазақстандық ел аманатын жеткізді. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы дәл осындай атаумен жалпыұлттық сауалнама жүргізіп жатыр.
Халық пен партияның арасын еріктілер жақындатуда. Екі күннен бері олар өңір-өңірді аралап, 14 сұрақтан тұратын сауалнаманы таратып жүр. Осылайша халықтың мұң-мұқтажын тыңдауда. Сауалнамаға қатысқан азаматтарды көбіне тұрғын үй, тұрақты жұмыспен қамту, несие мәселелері толғандырады екен.
Руслан Сейітхан, ерікті:
- Сауалнама халықтың ыңғайына қарай екі түрлі форматта жұмыс жасап жатыр. Екі күн болды біздің жұмыс жасап жатқанымызға. Ең бірінші түрі ол цифрлық формат. Қазір смартфон дамыған заман. Әрқайсысының кез-келген жерде отырып, осы сұрақтарға жауап беріп, сауалнамаларды толтыра алады. Сауалнамадағы сұрақтар - халықтың көкейінде жүрген сұрақтар.