427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы сезіле бастады

  • 115
  • UPD: 08:26, 29.09.2020
Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы сезіле бастады

Облыстағы 180 бекеттің 30%-інен астамында газ жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңір үшін қыркүйек айына қажетті 10 800-ден астам тонна отынның орнына 9 600 тонна көлемінде ғана алынған. Бұның себебін мамандар облыстағы екі зауыттың бірінде жүргізілген жөндеу жұмыстарымен түсіндіреді. Сондықтан сұйытылған отынның бір бөлігін көрші Атырау облысынан алу жоспарланған. Алайда, газ тасымалдаушы компаниялар жол шығынын есептей келе, оның бөлшек саудадағы бағасы өзгеретінін мәлімдеп, одан бас тартқан. Жалпы өңірдің ай сайынғы тұтыну көлемі шамамен 13 мың тоннаны құрайды. Қазір газ құю станцияларында газдың әр литрі 49-54 теңге аралығында сатылып жатыр. Жауапты мекеме өкілдері әзір бағада өзгеріс болмайды деп отыр.

Айбек Қайыр, облыстық энергетика ЖӘНЕ ТҮКШ басқармасының басшысы:

- АГЗС-тың 119-ында бүгінгі күнге газ бар. Ол 66%-ті құрайды. Оның ішінде 45%-і ол еркін саудада, 22%-і ол талонмен жүргізіліп жатқан жұмыстар. Одан басқа, осы қыркүйектеің жоспары бойынша 3 вагон келе жатыр. Ол аудандарға жіберілетін болады. Келесі айда ондай талонмен деп болмайтын шығар

Хабар 24 телеарнасы