429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық әуе рейстерін шектеу ұсынылды

  • 230
  • UPD: 09:47, 30.09.2020
Халықаралық әуе рейстерін шектеу ұсынылды

Шетелдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елімізде 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша рейстерді қалпына келтіру тоқтатылады.

Бұл ұсынысты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты.

Рейстер қалпына келтірілген елдермен әуе қатынасын одан әрі арттырмау және Түркия Республикасымен арадағы рейстер санын азайту ұсынылды.

Екінші санаттағы елдерден келетіндер үшін талаптар белгіленді: термометрия, сауалнама, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы анықтама (3 тәулік бұрынғы). Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер стационарда екі күнге дейін оқшауланады.

Хабар 24 телеарнасы