429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында шекарадағы санитарлық тексеріс күшейді

  • 132
  • UPD: 09:29, 07.10.2020
Қостанай облысында шекарадағы санитарлық тексеріс күшейді

Қостанай облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары осылай дейді.

Аймақта пандемия басталғалы бері COVID-19 инфекциясын үш мыңға жуық адам жұқтырған. Қазір Ресеймен шекаралас аудандарда бақылау күшейтілді. Санитарлық бекет пен карантиндік стационар Жітіқара ауданындағы «Желқуар» өткізу пунктінде құрылды. Шекараны өтпек болғандар сол жерде сауалнамалардан және термометриялық тексерістен өтіп жатыр.

Юрий Севостьянов, тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд басшысының орынбасары:

- Қазір Еуропа және Ресейде ауру көрсеткіші өсіп барады. Осыған байланысты шектеу шаралары енгізіліп, шекарадағы бақылау күшейтіліп жатыр. Облыс бойынша күнделікті коронавирус инфекциясы 2-3 адамнан анықталады. Өсім 0,5 процент. 298 инфекциялық төсек-орындарының 106-сы бос емес. Демек 50 процентке де жетпейді.

Хабар 24 телеарнасы