427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы демалыс күндері елордада соңғы аймақтық жәрмеңке өтеді

  • 204
  • UPD: 12:50, 07.10.2020
Алдағы демалыс күндері елордада соңғы аймақтық жәрмеңке өтеді 7 күн

10 және 11 қазанда елордада Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен аймақтық қорытынды жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен облыстың ауылдық аймақтарының ауыл шаруашылығы құрылымдары, сондай-ақ Петропавл қаласы мен облыстың барлық аймақтарының 115-ке жуық кәсіпорны қатысады. Ауылшаруашылық өнімдерінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Жәрмеңкеде 1218 тоннаға жуық азық-түлік өнімдерін сату жоспарлануда. Оың ішінде еттің барлық түрі – 133 тонна; шұжықтар – 4 тонна; кондитерлік өнімдер – 1 тонна; макарон өнімдері – 5 тонна; жарма – 2,8 тонна; бал – 13 тонна; қымыз – 1 тонна; сүт өнімдері – 14 тонна; май – 1,3 тонна; ұн – 28 тонна; картоп пен көкөністер (қырыққабат, сәбіз, қызылша, бақша өнімдері) – 944 тонна.

Барлық өнімдер Нұр-Сұлтан базарларындағы орташа бағадан арзанға сатылатын болады. Жәрмеңкеге брендтері бүкіл елге және шетелге танымал кәсіпорындар қатысады: «Зенченко и К», «Масло-Дел» ЖШС филиалы, ЖШС «Галицкое», ЖШС «Рубиком», ЖШС «КЭММИ», ЖШС «МолКом Павлодар», ЖШС «Крендель» және басқалар.

Шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өткізіледі. Келушілер маска тағуы, санитайзер қолдануы және арақашықтықты сақтауы қажет.

Хабар 24 телеарнасы