428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ведомствоаралық комиссия індеттің келесі толқынына қатысты бірқатар шешім қабылдады

  • 124
  • UPD: 22:04, 08.10.2020
Ведомствоаралық комиссия індеттің келесі толқынына қатысты бірқатар шешім қабылдады

Мемлекет басшысының коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін ведомствоаралық комиссия бүгін бірқатар шешім қабылдады.

Кеше Президент індет кезінде қаза тапқан 182 медицина қызметкерінің отбасыларына, қызмет барысында COVID-19-бен ауырған дәрігерлерге өтемақы төлеу бойынша жедел шаралар қабылдауды міндеттеген еді. Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов комиссия отырысында әкімдіктерге, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне өтемақы төлеуді 13 қазанда аяқтау керектігін айтты. Ал ауырып қалған ақ халаттыларға жәрдемақы тағайындау қазанның 17-сінде аяқталуы тиіс. Сонымен қатар қорғаныш маскасының құны 40 теңге, бір реттік медициналық бетперденің бағасы 60 теңге болып белгіленді. ПТР тесттің де бағасы алдағы уақытта төмендетіледі.

Хабар 24 телеарнасы