429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда «Пластиктен таза қала» зерттеу жобасы іске қосылады

  • 148
  • UPD: 15:42, 09.10.2020
Қазақстанда «Пластиктен таза қала» зерттеу жобасы іске қосылады

Қазақстанда күніне 2 млн-нан астам полиэтилен пакеті қоқысқа тасталады.

Одан бөлек пластик бөтелкелер мен басқа да қалдықтар тонналап шығарылады. Қоршаған ортаға  зияны көп пластикті сұрыптау мен қайта өңдеу мәселесі әлі күнге шешімін тапқан жоқ. Жыл бойы жиналған пластик қалдығының 5 проценті ғана қайта өңделеді.

«JASYL ARYSTAN» жеке қоры «Пластиктен таза қала» зерттеу жобасын іске қоспақ. Қор мамандарының айтуынша, бұл проблеманы қазір шешпесек, соңы экологиялық апатқа әкелуі әбден мүмкін. Әсіресе ауылдық жерлерде пластик өнімдерін жою қиын. Оны өртеген кезде ауаға зиянды химиялық заттар тарап, түрлі ауру туғызады. Сондықтан пластиктен болатын зиянды мамандар жіті зерттеп, шешу жолдарын ұсынбақ. Олар экологиялық мәселеге жауапты мемлекеттік органдармен бірге жұмыс істеп, жыл аяғына дейін алғашқы нәтижені жариялауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, біздің елімізде бұл проблема бойынша нақты статистика да жүргізілмейді екен.

Әлия Күшбаева, тәуелсіз сарапшы-эколог:

– Бұл біздің келешегіміз, ұрпағымыз үшін өте қауіпті, ауқымды проблема деп есептеймін. Білім беру ұйымдарында ағартушылық жұмыс жасап, экология пәнін енгізген жөн. Балаларға осы тақырыпты мектеп, балабақша, университеттен бастап сіңіріп, экологиялық тазалықты жарнамалайтын бильбордттар көбірек ілінсе, игі іс болар еді. Әр адам пластикті қолданар алдында осының қалдығы қайда баратынын ойласа екен.

 

Хабар 24 телеарнасы