432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы су қоймасына 72 мың шабақ жіберілді

  • 169
  • UPD: 08:54, 10.10.2020
Қарағанды облысындағы су қоймасына 72 мың шабақ жіберілді

Қарағанды облысының Федоров су қоймасына 72 мың жылтыр Алтай тұқысының шабақтары жіберілді. Енді оларды 4 жылға дейін аулауға болмайды. 

Федоров су қоймасы облыстағы ең ірі тоғандардың бірі. Соңғы жылдары мұнда балық азайып кеткен. Мәселені мемлекет қолға алып, су қоймасы тазартылды. Санитарлық жағдай қалыпқа келтірілген соң майшабақтар арнайы көліктермен көктемде Ресейден жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, балықтың бұл тұқымы Орталық Қазақстанның аязына төзімді, әрі тез көбейеді екен. Шабақтың орташа салмағы 23 грамм. Енді облыстағы 17 су қоймасына 300 мыңға жуық шабақ жіберіледі. Табиғи тепе-теңдікті сақтау үшін қолдан өсім жасап отыру аса маңызды.

Десе де, бұл жұмыстарды үнемі бюджет есебінен іске асыру қиын. Сондықтан қараусыз қалған су қоймаларын келешекте жекеменшікке беру жағы қарастырылуда.  

Бекзат Мақажанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Ең басты мақсаты су айдынының биоалуандығын сақтау, балықтардың санын көбейту. Біздің мақсатымыз басқарманың резервтік су айдындарын жануарлар пайдаланушыларға бекітіп беру. Алдағы уақытта Қарағанды облысының 5 резервтік су айдынын балықтандыру жоспарда. Ол Бұқар жырау ауданының 2 айдыны және 3 айдын Нұра ауданында.

Хабар 24 телеарнасы