427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда өрт сөндірушілерге арналған жаттығу полигоны ашылды

  • 59
  • UPD: 11:38, 13.10.2020
Көкшетауда өрт сөндірушілерге арналған жаттығу полигоны ашылды

Көкшетауда болашақ өрт сөндірушілерге арналған оқу-жаттығу полигоны ашылды. Нысан қала сыртындағы 3 гектар аумаққа жайғасқан. Мұнда темір жолдағы және әуе көлігіндегі төтенше жағдайды жою, сондай-ақ әскери дайындық пен азаматтық қорғаныс дайындығының кедергі жолақтары және өрт сөндірушілердің психологиялық әзірлігін шыңдайтын отты жолақтар қойылған.

Сала мамандарының айтуынша, мұндай оқу-жаттығу полигоны елімізде алғаш рет ашылып отыр.

Айта кетейік, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді дайындайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны да осы Көкшетау қаласында орналасқан. Енді бұл полигон, осы институттың дайындық алаңы ғана емес, еліміздің барлық құтқарушылары үшін республикалық оқыту орталығына айналмақ.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Біз қазір өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды дайындайтын Көкшетау техникалық институтының материалдық базасын нығайтуға күш салып жатырмыз. Өкінішке орай, бұған дейін білім ордасына тиісті көңіл бөлінбей келді. Аталған институтты ең мықты мамандарды дайындайтын іргелі оқу орнына айналдыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы