423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қоры құрылды

  • 984
  • UPD: 19:56, 20.10.2020
Түркістан облысында дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қоры құрылды

Түркістан облысында дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры құрылды. Бұл сұранысқа ие препараттардың бағасын қымбаттатпау үшін қолға алынған шара.

Індеттің алғашқы толқынында дәрі тапшылығы айтарлықтай сезілгені белгілі. Облыс бойынша аталған жобаға қатысатын 100-ден астам дәріхана белгіленген. Олардың қоймасында 32 түрлі дәрі қоры сақталады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 317 миллион теңге бөлінген.

Сәкен Қалқаманов, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл қаржыны біз операторларға береміз. олар осы қаржыға алынған дәріні дәріханалар жүйесіне жеткізетін болады. Ол жерде біздің мониторингтік топтар дәрі-дәрмектің белгіленген шектік бағадан аспай сатылуын қадағалайтын болады.

 

Хабар 24 телеарнасы